Әскери заңгерлерге арналған саяхат

14.02.2018

Көрулер: 1022

2018-2019 оқу жылында әскери кафедрада білім алуға студенттерді жинақтау қарсаңында және әскери-патриоттық жұмыстар жоспарына сәйкес заң факультетінің бірінші курс студенттері университеттің әскери кафедрасына саяхат жасады.

Әскери кафедраның тәрбиелеу және әскери-патриоттық жұмыстар орталығында студенттер кафедраның тарихымен және бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерімен танысты.

Заң факультеті мемлекетіміздің заңгерлер корпусын дайындап тәрбиелеуде негізгі күретамыр болып табылады. ҚазҰУ заңгер түлектерінің басым көпшілігі университетіміздің әскери кафедрасында білім алған. Олардың көпшілігі қазіргі таңда жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарып отыр. Әскери кафедрасында білім алып, «запастағы лейтенант» әскери атағын алған белгілі тұлғалар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-полковник Қ.Н.Қасымов, Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры әділет генерал-лейтенанты Е.С. Мерзадиновтар бүгінде әскери кафедра студенттерінің мақтанышы.

Саяхат барысында студенттер БМП механик жүргізушілерін және зенит атқыштарын оқытуға арналған жаттығу жұмыстарын көрсетті. Интерактивті лазерлік тирде әрбір студентке Калашников автоматынан және ПМ тапаншасынан оқу-жаттығу атуларын орындауға мүмкіндік берілді. Барлық студенттер әскери кафедраға түсудің және оқудың тәртібі туралы сұрақтарға нақты жауаптар алып, әскери кафедраға түсуге ниеттерін білдірді.

Әскери кафедра