Неміс әріптестермен өткен кездесу

06.03.2018

Көрулер: 639

Қазақ-Неміс университеті және Германияның Вюрцбург қаласында орналасқан география және геология институтының мамандары ҚазҰУ оқытушыларымен кездесті.

Жерді арақашықтықтан зондылау орталығының директоры C. Сахариев ГАЖ-технологиялары арқылы атқарылған жұмыстар мен Қазақстан Республикасының ғарыш саласын жандандыру және орталықтықтың қалыптасуы мен даму болашағы жайлы сөз етті.

Процессингтік инновациялар орталығының бас директорының орынбасары Туенбаев Манат жоспарланған инфрақұрылым мен аталған екі орталықтың мүмкіншіліктері туралы қысқаша баяндама жасады.

Вюрцбург қаласының геология және география институтының ғылыми қызметкері Зара Шоенбродт-Ститт CAWa жобасы шеңберінде Орталық Азиядағы су ресурстарын тұрақты басқарудың өңірлік мониторингін жүргізу және зерттеу саласындағы жұмыстар жайын таныстырды.

Сондай-ақ шара аясында жерді арақашықтықтан зондылау орталығы мен география және табиғатты пайдалану факультетінің ГАЖ зертханалары таныстырылып, география факультетінің негізін қалаушыларына арналған мини-мұражай көрсетілді.

География және табиғатты пайдалану факультеті