Кәсіптік бағдар

12.03.2018

Көрулер: 1203

ЕҢ АҚЫЛДЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ИЕРОГЛИФТЕРМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР 

Соңғы бес жыл ішінде жапонтану бөлімінің түлектер саны тұрақты болып келеді. Жапон тілінен өтетін республикалық және халықаралық конкурстардан үздік орындарды жылда иеленетіндіктері біздің түлектердің жапон тілінен білім деңгейінің аса жоғары екендіктерін дәлелдейді. Бөлімдегі негізгі дәстүр – сабақтастық болып табылады. Бүгінгі таңда Қиыр Шығыс кафедрасының кәсіптік бағдарға шығу жолдары ерекшеленіп кеңінен таралуда.

Алматы қаласының химия биология бағытындағы Назарбаев Интеллектуалды мектебінің оқушысы «Біз Қиыр Шығыс кафедрасы жайлы жапондардың өздерінен білдік» деп айғақтады. Елуден аса оқушы екі университет пен екі елдің студенттері оларға келгендігіне қуанды. Профессор Огихара Ацуси (ВАСЕДА университеті) мен аға оқытушы Ж.Б. Амантай бастамасымен және де НИМ директоры Г.Б. Мункеевой жылы шырайлы қабылдауының арқасында екі университет туралы, Жапония мен жапон тілі туралы фильмдерді көрсетуге мүмкіндік туды.

ҚазҰУ қыстық мектебіне келген Васеда университетінің тоғыз студенті оқушылар арасында өте қызықты викторина өткізіп, көптеген сыйлықтар әкеліп, болашақ талапкерлерге ұмытылмас естеліктер сыйлады.

Васеда (Жапония) университетімен Қазақстан территориясында далалық зерттеу жұмыстарын ескеретін, «Аймақтану, саясат, экономика мен Орта Азия мәдениеті» атты бірлескен оқу бағдарламасы  мен «Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында ұлттық сана-сезімнің өрісін кеңейту» атты арнайы курс өткізілген.