Халықаралық аудармашылар тренингі

08.03.2018

Көрулер: 248

Халықаралық аудармашылар тренингі

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы Сулеймен Демирел университетінде халықаралық аударма және мәдениетаралық қатынастар қауымдастығымен (Гамбург университеті, Германия) бірге халықаралық аудармашылар семинарын өткізді. Семинарды гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар факультетінің деканы PhD доктор, Азамат Ақбаров ашты. Өз кезегінде ҚазҰУ ХҚФ-нің деканы з.ғ.д., профессор С.Ж. Айдарбаев құттықтау сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар спикері Хамбург(Германия) университетінің профессоры Жюлиан Хауз бірнеше мастер класс өткізді. Сондай-ақ қазақстандық аудармашы-сарапшылар да шеберлік сағатын өткізді. Жалпы аталған семинар қатысушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды. Семинар соңында қатысушыларға 72 сағат көлемінде сертификаттар берілді.

Дипломатиялық аударма кафедрасы