Miss Cosmopolitan Kazakhstan-2018 байқауы басталды

05.04.2018

Көрулер: 1238

Cosmopolitan Kazakhstan "Miss Cosmopolitan-2018" онлайн-байқауына өтінімдерді қабылдау басталды.

Байқауға Алматы қаласының 10 ірі ЖОО қатыса алады: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Нархоз Университеті, КИМЭП, Алматы Менеджмент Университеті (ХБА), ҚБТУ, Халықаралық бизнес Университеті (UIB), Абылай хан атындағы ҚазХҚ, Жүргенов атындағы ҚҰӨ академиясы, Тұран университеті. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанның заманауи тауелсіз қыздарын кең көлемде насихаттау.

"Басқа сұлулық байқауларындағыдай талап етілетін бойы мен басқа да параметрлердің маңыздылығы жоқ. Cosmopolitan Kazakhstan даралықты қолдағандықтан барлық қыздарды өз күштерін сынап, өздерінің Miss Cosmopolitan" титулына лайықты екенін дәлелдеуге шақырады»,-деді Cosmopolitan Kazakhstan шеф-редакторы Анель Абдуалиева.

Қатысу үшін қыздарға www.cosmo.kz. сайтындағы анкетаны толтыру қажет. Қатысуға өтініштер 12 сәуірге дейін жалғасады. Одан соң дауыс берудің бірінші онлайн кезеңі басталады. Конкурс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 10 қатысушы келесі кезеңге өтеді (әр университеттен бір қатысушы). «Miss Cosmopolitan-2018» титулының иегері екінші кезеңде белгілі болып, 31 мамырда сауық кеші форматында өтетін гала-финалда жарияланады.

Бас жүлделердің бірі шетелге жолдама, Cosmopolitan Kazakhstan журналында кәсіби фототүсіру және басқа да бағалы сыйлықтар мен жүлделер.

Барлық сұрақтар бойынша: Partners Media Group: 8 (727) 356-56-55 (260), l.iskakova@pmgroup.kz