РФ жоғары шендегі әскери делегациясы келді

10.04.2018

Көрулер: 608

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде ҚазҰУ-дың әскери кафедрасына Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары шендегі әскери делегациясы келді.

Делегация мүшелері қатарында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі кадрлар бас басқармасының бастығы генерал-полковник В.П. Горемыкин, ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы біріккен штабының бастығы А. Сидоров және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әртүрлі қызметтегі офицерлер құрамы болды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің атынан ресейлік делегаттарды кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы полковник К.Р. Көпбаев, десантты-штурмалық әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Д. Джумакеев, Құрлық әскерлері ӘШҚҚ қолбасшысы генерал-майор С.Б. Исмаилов алып жүрді.

Әскери кафедра бастығы полковник Олег Ажимов Қазақстанның жоғарғы санаттағы білім беру ордасы саналатын әрі әлем бойынша ең үздік 250 университеттің қатарына кіретін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жайлы толық ақпаратпен бөлісті.

Әскери кафедраның 80-жылдық тарихы ондағы бітірушілердің жеткен жетістіктері мен запастағы офицерлерді дайындау жөніндегі оқу үдерісі делегация құрамының ерекше қызығушылығын арттырды. Сондай-ақ арнайы іс-сапармен келген делегаттарға әскери кафедраның құрлық әскерлері және мотоатқыштар әскерлері, ӘШҚҚ оқу-жаттығу полигоны, интерактивті лазерлік тир, ЖӘЖМ механик-жүргізушісінің және зенит атқыштарының тренажерлары бар оқу-материалдық базасы және барлық оқытылатын пәндер бойынша мамандандырылған аудиториялар көрсетілді.

Шара соңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник Олег Ажимов университет басшылығы атынан Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің өкілдеріне естелік сыйлықтарын табыстады.

                           Әскери кафедра