X Республикалық студенттік пəндік олимпиада

11.04.2018

Көрулер: 535

Экономикалық мамандықтар арасында өткен X Республикалық студенттік пəндік олимпиадаға Қазақстанның жиырма жоғары оқу орнының 138 командасы қатысып, бақ сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша əл-Фараби атындағы Қазақ ұлтттық университетінің экономика жəне бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» мамандығының студенттері жеңімпаз атанып 3 орынды иеленді.

«Finnation» командасы PhD, доцент м.а Райгүл Досжанның ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы сандық жүйе: Теориясы мен практикасы» (Digital system in the Republic of Kazakhstan: theory and practice) тақырыбына жоба ұсынды. Бірінші кезең 90 сұрақтан құралған тест бақылауы мен 9 есептен ҚазҰу-дың тобының сайыскерлері сүрінбей өтіп, өз ғылыми жобаларын арнайы құрылған комиссия алдында ағылшын тілінде қорғап шықты. Финалға 13 команда шығып, «Finnation» тобы жүлделі орынға ие болды.

 

Қаржы кафедрасы