«Құқық қорғау қызметі»

13.04.2018

Көрулер: 1121

2018 жылғы 27 сәуірде сағ. 15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің (бұдан әрі – ОӘБ) кезекті көшпелі отырысын өткізу жоспарланады.

Отырыста құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындары, ведомстволық білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саясаты саласындағы алдынғы қатарлы сарапшылары қатысады.

Іс-шара барысында кадрларды дайындау бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесі үшін ОӘБ ЖООларының өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша жаңа тәсілдерді талқылау іске асырылады.

Іс-шараның өткізу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Кітапхана, 4-қабат, Ақ залы.