Нәзір Төреқұлов атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы шарасы өтеді

11.05.2018

Көрулер: 596

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылдың мамыр айының 12 жұлдызында Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановпен ресми кездесу болады. Қайрат Құдайбергенұлы әр жылдары БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігінің басшысы, ЕҚЫҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілдігін және бірнеше мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елші қызметтерін атқарған.

Кездесу аясында Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат, Кеңестер Одағының Сауд Арабиясындасы алғашқы Елшісі – Нәзір Төреқұлов атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы шарасы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, бұл кездесу әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттері мен оқытушылары үшін ҚР Сыртқы Істер Министрі Қайрат Әбдірахмановтың дәрісін тыңдауға таптырмас мүмкіндік. Дәріс барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар мен Халықаралық саясаттағы жаңа өзгерістер туралы сұрақтарға жауап алуға болады.

Іс-шара мерзімі: 12 мамыр 2018 жыл, сағ. 11.00

Мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр көш., 95, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті

 

Ашылу шарасына қатысты сұрақтар бойынша Халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары Жекенов Думан Құрманғазыұлына хабарласыңыздар.

Ұялы тел. +7 707 830 7457