Университет айналасын көгалдандыру

15.05.2018

Көрулер: 281

«Экономика және бизнес жоғары мектебінің» «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының  менеджер және логистер мамандығының 2-курс студенттері мен оқытушылары  «Green Campus» жобасы аясында кампус аумағындағы  өсімдіктерді көшіріп отырғызуға байланысты  кезекті акция шарасын өткізді.

Көктем мен  күз мезгілдерінде студенттер жасыл іс-шараларды өткізуді дәстүрге айландырды. Осылайша беделді жаһандық «UI Green Metric Ranking of World Universities» рейтингісінде университеттің позициясын нығайтуға өз үлестерін қосуға белсене ат салысуда.

ҚазҰУ еліміздегі алдыңғы қатарлы университеттердің бірі болып саналады. Сондықтан да университет айналасын таза ұстап, оны көгалдандыру ол кез-келген студенттің парызы. Кампус аумағы әрдайым да жасыл әрі көркем болуы сырттан келген кез кез-келген адамның қызығушылығын оятатыны ақиқат.

Менеджмент және маркетинг кафедрасы