«Үздік лингвист-2018» зияткерлік олимпиадасы өтті

16.05.2018

Көрулер: 231

Филология және әлем тілдері факультетінде «Жас лингвист» клубының жұмысы аясында «Үздік лингвист 2018» зияткерлік олимпиадасы болып өтті. 

Олимпиада студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтау, оны дамыту, зерттеу жұмыстарына қызығушылық таныту, тілдерді білуге ​​көмектесу және болашақ мамандардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз етуге арналған. Биылғы олимпиадаға іріктеу кезеңіне еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті қатысты.

 Қатысушы командалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткен олимпиаданың негізгі кезеңін абыроймен өткізіп, студенттер өздерінің лингвистикалық білімдерін қазақ тілінде өткен «Бəйге» кезеңінде 1 минут ішінде генеалогиялық жəне типологиялық классификацияға қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетті. Олар əртүрлі тілдердің генеалогиялық жəне типологиялық болмысын анықтады. ҚазҰУ-да «Флагман» халықаралық бағдарламасымен оқып жатқан америкалық студенттер Чейз Риггель и Александр Идаррага өткізген «Полиглот» кезеңі көрермендер мен қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Нәтижесінде Сулеймен Демерель университетінің командасы «Үздік лингвист-2018» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы атанып, жүлдегерлер мен қатысушылар мақтау қағаз және дипломдармен марапатталды.

Жалпы тіл білімі жəне еуропа тілдері кафедрасы