ҚазҰУ үздік ЖОО-лар көшін бастады

16.05.2018

Көрулер: 968

Еліміздегі үздік ЖОО-ның көшін Қазақ ұлттық университеті бастады. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарын анықтады.

Аталған рейтингте ең жоғары ұпай жинап, бірінші позициядан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көрінді. Екінші және үшінші орында Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тұр.

Жоғары оқу орнының бәсекелі артықшылығының маңызды факторы - білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтардағы беделі. Бүгінгі таңда рейтингтер әлемдік білім беру нарығының негізгі барометрлерінің және әлеуметтік артықшылықтарды қалыптастыру құралдарының біріне айналды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингі қазақстандық жоғары оқу орындарына өздерінің ұстанымдарын айқындауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, ЖОО-ның жоғары сапалы жұмысына жәрдемдесуге және ең бастысы - білім алушыларды көптеп тартуға және жұмыс берушілер үшін тартымдылықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

2014 жылдан бастап Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін қазақстандық ЖОО-лар рейтингісі маңызды критерийлер шеңберінде бағаланған ҚР-ның үздік университеттерінің тізімінен тұрады: оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі.

АРТА ұлттық рейтингісі қоғамға білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететін ЖОО бәсекеге қабілеттігін арттыру құралы ретінде, тұлға ретінде қалыптасу жолында білім алушыларды бағдарлайтын басты ресурс ретінде танылған. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін ТОП-20 жоғары оқу орындарының жалпы рейтингісі саралаудың маңызды критерийлері бойынша барлық негізгі көрсеткіштердің есебін шығару тәсілі арқылы анықталды.

Көш басындағы алғашқы үштікті мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізген ЖОО-лар алды. Рейтингтің келесі орындарын ЖОО үшін басымдықты бағыттар бойынша ұсынылған, мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілік деңгейі бағаланған ЖОО-лар иеленді.

АРТА ұлттық рейтингісіне қатысуға республиканың 75 ЖОО өтініш түскен. ҚР 2018 жылғы жалпы рейтингісіне 58 ЖОО, оның 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке меншік білім беру ұйымдары кірді.

Cандық рейтингі нәтижесі АРТА-ның ресми сайтында орналастырылған.