Жетістікке бастайтын ынтымақтастық

30.05.2018

Көрулер: 556

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ мен Хэнань университеті ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды, аталмыш келсім қос ел студенттерінің гумантарлық және техникалық мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік береді. ҚазҰУ-дің бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев атап өткендей қазіргі таңда университет қытайлық ғалымдармен бірлескен жобалар жүргізіп ҚХР-ның 40-тан астам университетімен ынтымақтастық қарм-қатынаста. ҚХР университеттері «Бір белдеу-бір жол» жобасына ерекше қызығушылық танытып отыр. Аталмыш бағдарлманың қызметі өз уақытында екі ел көшбасшыларымен егжей-тегжейлі талқыланған болатын. ҚазҰУ әлемнің 136 мемлекетінің 136 университеті кіретін Жаңа Жібек жолы Альянс университеттер үйлестіру комитетінің мүшесі болып табылады.

Айта кету керек ҚазҰУ-да үш негізгі деңгейлі мамандарды дайындап шығаратын қытайтану кафедрасы сәтті жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар ҚазҰУ жанында ОА мен Кавказ маңы бойынша ең үздік Конфуци Институты жұмыс жасайды. Жыл сайын студенттер тілдік және зерттеу тәжірибиелерінен өтуде. Әр түрлі олимпиада мен сайыстарға қатысу арқылы студенттер өздерінің жақсы нәтижелерін көрсетіп келеді, оған қоса республикалық және халықаралқ байқауларда жүлделі орындарды иеленуде.

Кездесу барысында бірінші проректор жақында ғана 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік мерзімін ұзартқан университеттің қызметі мен жетістіктері туралы айтты. Аталмыш шешім университеттің тұрақты даму саласындағы табысты басшылық қызметіне байланысты Нью-Йоректе БҰҰ штаб-пәтерінде қабылданған болатын

БҰҰ-ның сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун Астана экономикалық форумынның бір сессиясында «ҚазҰУ БҰҰ-ның мыңжылдықтарға бағытталған шешімдерін ілгерлету бағытында сөзсіз көшбасшы болып саналады. Және де ғаламдық хабқа жетекшілік ету мерзімін 2020 жылға дейін ұзартқаны БҰҰ-ның үлкен сенімін білдіреді.

Сондай-ақ кездесу барысында Хэнань университетінің делегациясы ҚазҰУ-ға Қытай үкіметінен шәкіртақы ретінде берілетін, суперкомпьютер туралы үкметаралық меморандумға қол қойылғандығы туралы ақпарат айтылды. Суперкомпьютер IT-технопарк, суперкомпьютер орталығы және бұлтты есептеу жүйесі арасында орасан зор халықаралық платформаға айналады. Ол жібек жолы Альянс университеттерінің бір жерге жиналуға, білім-ғылым беру саласындағы әрі қарай дамыту мен Қазақстанның ЖОО-ның деректерін бірыңғай өңдеу орталығын ашуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Хэнань университетінің вице-президенті Sun Junjian басшылыққа жылы қабылдау үшін алғысын білдіре отырып тығыз ынтымақтастыққа үміт артатынын айтты. «Сіздің университетіңізде Қытай елінің студенттері бакалавр, магистратура, доктарантурада білім алып жатыр. Олар негізінен гуманитарлық факультеттерде тарихты оқып тілдерді үйренуде. ҚазҰУ студенттері де Хэнань университетінде білім алуда. Олар өте алғыр және де үкімет тарапынан көмек пен шәкіртақылар алады. Біздің мақсатымыз Қазақстанның ең үздік университетімен жақсы әрі тығыз қарым-қатынас орнату». Хэнань университетіне 106 жыл, ол Қытай елінің ең көне және ең беделді университеті болып саналады. Сонымен қатар университет өзінің гуманитарлық бағытта үздік екендігімен танымал. Қытай ғалымдары жастардың қызығушылығын тудыратын жаңа бағдарлама ойластырғанын айтып сөзден іске көшуді ұсынды. Кездесу соңында тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламасы, тәжірибиеден өтумен оқытушылардың алмасуы туралы екі жақты келісім-шартқа қол қойды.  

Қытай делегациясының құрамында Хэнан университетінің вице-президенті Sun Junjian, халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Mao Liqun, Қоршаған орта мен жоспарлау коллдежнің директоры Qin Yaochen , дене тәрбиесі колледжінің директоры Zhang Dachao, журналистика және коммуникация колледж мектебінің профессоры Yang Zhi, қоршаған орта және жоспарлау колледжінің профессоры Feng Zhaodong болды.

Баспасөз қызметі