Оқу бағдарламасын жасау бойынша семинар өтті

06.06.2018

Көрулер: 799

Механика-математика факультетінде «Механика» мамандығы бойынша ағылшын тілінде оқу бағдарламасын жасау жөнінде семинар өтті.

Семинарға шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарының оқытушылары атап айтсақ, Питсбург университетінің профессоры Гиви Пейман, Хиндустан инженерия және технология институтының профессоры Моханрадж Мугурусан, Таллин техникалық университетінің профессоры Тармо Соомере және отандық ғылыми институт өкілдері қатысып, өз ұсыныстарын айтты. Семинар жұмысының нәтижесінде бакалавриат деңгейі бойынша білім беру мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай білім беру бағдарламасы жасалды.

Механика кафедрасы