Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

07.06.2018

Көрулер: 643

8 маусым күні мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жəне əкімшілік құқығы кафедрасының бастамасымен «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы және «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесімен бірігіп «Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық жəне басқару механизімі (ұлттық жəне шетелдік тəжірибе)» тақырыбында онлайн түрде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Жоғары білім саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес.
  2. Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шетелдік тəжірибесі.
  3. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылы.
  4. Білім жəне мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-əрекеттің құқықтық аспектілері.

Келесі университеттер қатысады: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Əділет академиясы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Д.Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясы, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда филиалы.

Конференция ұйымдастырушылары - мемлекеттік қызмет жəне жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жəне əкімшілік құқығы кафедрасы.

Өтетін орны: ҚазҰУ бас ғимараты, 3 қабат 308 ауд.

Басталу уақыты: 08.06.2018 ж., сағ. 11:00      

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.