Жемқорлыққа жол жоқ

08.06.2018

Көрулер: 339

ҚазҰУ-да мемлекет жəне құқық теориясы және тарихы, конституциялық жəне əкімшілік құқығы кафедрасының бастамасымен «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы және «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі біріге отырып «Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық жəне басқару механизімі» тақырыбында онлайн түрде аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылордадағы бөлімшесі, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы қатысты. Шара барысында қатысушы ұйымдардың өкілдері бүгінгі күнде жемқорлық қаупінің айтарлықтай белең алып онымен күресудің жолдарын ортаға салды.

Тікелей байланысқа шыққан өзге де қатысушылар білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шетелдік тәжірибесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы азаматтық қоғам институттардың және мемлекеттердің қатынасы оның құқықтық аспектілері және жемқорлық қаупін анықтау жүйесі мен сараптама жасау тәсілдерін кеңінен талқыға салып, өзара пікір алмасты.

Баспасөз қызметі