Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

22.06.2018

Көрулер: 865

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауымен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде Қазақстан Республикасында бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың кадрлық саясатына меритократия қағидасын енгізудің негізгі жолдары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Абай атындағы ҚазҰПУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Еуразиялық заң академиясы, НАРХОЗ, ҚР ұлттық қауіпсіздік Академиясы және өзге де ЖОО-дың жетекші ғалым-заңгерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

ЖШС «Legal Protect» заң фирмасының бас директоры заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрпейісов Дархан «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кез келген егеменді мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі оның ұлттық мүдделерінің шынайы қауіп-қатерлерден қорғалуының дәрежесі мен жағдайымен анықталады», - деді директор. Еуразия Заң академиясының проректоры Алибаева Гульнара өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың тамыры өзге де әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар құқықтық ережелер жүйесінде, құқықтық тәжірибеде соның ішінде құқық қолдануда жатыр деп атап көрсетті.

Жиын барысында қатысушылар мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметінің тиімді болуы үшін Қазақстан Республикасында кадрлық саясатты реформалаудың бір бағыты ретінде меритократия қағидасын енгізудің маңыздылығын кеңінен талқыға салды. 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы