AURAK пен ҚазҰУ ынтымақтастығын кеңейтуде

22.06.2018

Көрулер: 978

КазНУ и AURAK расширяют сотрудничество

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен American University of Ras Al Khaimah (AURAK, Біріккен Араб Әмірліктері) арасында ықтымақтастық жөнінде келісім шарт жасалды. Қол қою рәсімі университет ректора Галым Мутанов пен AURAK президенті Аль Альким Хасан Хамданның кездесуі барысында жасалды.

ҚазҰУ ректоры жоғары мәртебелі қонаққа университеттің қызметі мен жетістіктері жайында баяндап қана қоймай, шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен дамытылып отырған серіктестік бағыттары жайында айтып, жүзеге асырылып отырған бірлескен халықаралық білім беру және зеттеу жобаларына назар аудартты.

Кездесу барысында атап өтілгеніндей, ислам мемлекеттерінің бірқатар ЖОО мен белсенді қарым қатынастар орнатылып, исламдық қаржыландыру және банкинг бағыттары бойынша жұмыстардың аса тиімді екендігі де тілге тиек етілді. Шетелдік серіктестерімен исламдық қаржыландыру бойынша білім беру бағдарламалары және бірқатар ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференциялар өткізілді.

ҚазҰУ бүгінде шығыстану мамандарын даярлау бойынша алдыңғы қатарлы жетекші жоғары оқу орны болып отыр. Университетте «Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия» кафедрасы мен арабтану ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді.

Аль Альким мырза өз сөзінде университет басшылығына ризашылығын білдіріп, American University of Ras Al Khaimah университетінің Эмираттардың мемлекеттік жоғары оқу орны екендігін атап өтті. Ол 2009 жылы ашылып басты бағыты – инженерлік және IT, сәулет және химиялық мұнай, экономика және бизнес, сандық медиа мен PR мамандықтарына арналған 4 факультеттің ашылғандығын жеткізді. Сондай-ақ университет тұрақты даму саласы бойынша алуан түрлі ғылыми зерттеулер жүргізетіндігін де айта кетті.

«Бұл бағытта ҚазҰУ біз үшін аса ерекше қызығушылығымызға ие болып отыр. Қазақстандық ЖОО БҰҰ «Академиялық ықпал» бойынша тұрақты даму бағдарламасының жаһандық хабын ойдағыдай атқаруда. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен жобаларыңыз аса өзекті болғандықтан ерекше назарға ие болып отыр»,- деп атап өтті Аль Альким мырза. AURAK Президенті 2020 жылы өтетін Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтой шараларына шақыруы үшін ҚазҰУ ректорына алғысын білдірді.

Келіссіздер кезінде екі жақ айтылған жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелерін талқылып болғаннан соң, екі жақты ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Сапар барысында делегация қонақтары сондай-ақ университеттің Әл-Фараби атындағы кітапханасын, «Керемет» СҚКО, ҚазҰУ мұражайының экспонаттарымен танысып, технопарк және жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен танысып қайтты.

 

Баспасөз қызметі