Сөмкеңді мектепке дайында

13.07.2018

Көрулер: 499

ҚазҰУ-да "Парасат" қызметкерлер кәсіподағының ұйымдастыруымен "Сөмкеңді мектепке дайында" салтанатты  акциясы өтті.

Ата-аналар үшін 1 Қыркүйек - бұл мереке ғана емес сонымен қатар қуанышты толқу мен балаларды мектепке дайындау барысындағы үлкен машақатқа толы сәт. Өткен жылы ҚазҰУ «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы университет әкімшілігінің қолдауымен тұңғыш рет оқушыларға мектепке керекті қажеттіліктерді тарту  еткен болатын. Аталмыш бастама биыл да өз жалғасын тауып отыр, сондықтан кәсіподақ комитеті мен университет басшылығының шешімі бойынша бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған оқушыларға дәптер, қалам мен әдемі сөмке де тарту етілді. 211 болашақ бірінші сынып оқушыларына сыйланған мектеп қажеттіліктері бүлдіршіндерді қуаныш пен шаттықа бөледі. Сонымен қатар салтанатты шарада балалар ән айтып, өлеңдер оқыды, ал ата-аналар кәсіподақ комитетіне өз алғыстарын білдірді.

«Парасат» қызметкерлер кәсіподағының басшысы Талғат Мекебаев «Сөмкеңді мектепке дайында» атты акциясы университет қызметкерлері  балаларын мектепке дайындау барысындағы  ерекше көмек екендігін  айтты.


 "Парасат"  кәсіподағы