ҚазҰУ білім гранты бойынша ЖОО-лар көшбасшысы

07.08.2018

Көрулер: 2313

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі бөлінген оқу грантарының саны бойынша абсалютті көшбасшы атанды. Биыл 6,6 мыңнан астам мектептің үздік түлектері ҚазҰУ-ды таңдап мемлекеттік білім грантына ие болған, олардың едәуір бөлігі «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Бұл қазақстандық жоғары білім беру тарихындағы рекорттық көрсеткіш. ҚазҰУ гранттар саны бойынша басқа жоғары оқу орындарынан оқ бойы озық тұр. Саналы әрі үлкен мақсатқа толы талапкердің сапалы білім алуы үшін еліміздегі жетекші оқу орнын таңдауы аталмыш университетке деген жоғары сенімді білдіреді.

Ең үлкен байқау радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, туризм, химиялық технологиялар сынды мамандықтар бойынша жүргізілді. Халықаралық қатынастар және құқық, құқықтану, қаржы, есеп және аудит, экономика талапкерлер арасында танымалдылық қалпында қалып отыр. Магистратура мен докторантураға түсуге де байқау бұрынғысынша өте жоғары. Жекелеген мамандықтар бойынша үміткерлер саны бір орынға 15-20-дан аса адамнан келеді.

ҚазҰУ әлемдегі үздік топ-220 ЖОО-ның қатарында әрі білім, ғылым және инновацияның жетекші орталығы болып табылады. Университетте әлемнің әйгілі жоғары оқу орындарымен серіктесе отырып қосдиплом білім бағдарламалары белсенді енгізілуде, оқыту ағылшын тілінде жүзеге асып, көптеген жаңа мамандық ашылуда.

 

 

Баспасөз қызметі