Тарих - тамыр, тіл - тұғыр!

24.09.2018

Көрулер: 350

Қыркүйектің 21- жұлдызында ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында "Тарих - тамыр, тіл - тұғыр" атты тілдер мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Тіл - қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани өзегі, халықтардың тарихы мен мәдениетінің негізі болып табылады. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен тарихқа деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Бұл іс-шараға жапонтану бөлімінің студенттері қатысты. Студенттер викториналар мен сайыстартарға белсенді түрде қатысып, презентацияларды тамашалады. Бірінші курс студенттері қазақ тілін оқытудағы жаңа программалар мен әдістермен танысты. Іс-шараның соңында ҚР МОМ ғылыми қызметкерлері мұражайда экскурсия өткізді. Қазақстанның тупкір-түпкірінен келген студенттер мұражайдың топтамаларымен танысты. Осындай іс шараға қатысу арқылы студенттер білім алып, тілдің адам өміріндегі рөлі мен оның болашақта дамуы жайлы ойлануға мүмкіндік алды.

 

Қиыр Шығыс кафедрасы