«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

04.09.2010

Көрулер: 615

АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сіздердің Университеттеріңіз Қытай мен Қазақстан достығының символы, деді Қытай Халық Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК-нің Хатшысы, ҚКП ОК-нің Насихат министрі Лю Юньшан бүгін Алматыда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде болған кезінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздердің университеттеріңіз Қытай мен Қазақстан достығының дамуына зор үлес қосуда. Біздің бұл делегациямыздың басты мақсаты - достық пен ынтымақтастықты нығайту. Аса маңызды салалардың бірі - гуманитарлық сала болып отыр. Біз сіздердің университеттеріңіз бен Қытай жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп, кеңеюін белсенді түрде қолдаймыз», дейді Лю Юньшан. Қазақстанға алғаш рет ат басын тіреп отырған құрметті мейманның айтуынша, қазіргі таңда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті Қытайдың 17 университетімен қарым-қатынас жасайды.Сондай-ақ мұнда бір мыңдай Қытай азаматы білім алып жатыр