ҚазҰУ мақсаты - әлемнің жетекші оқу орны атану

25.09.2018

Көрулер: 846

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің жетекші ЖОО-лары қатарына енуді көздеуде. Мұндай университеттер өз елінің, сондай-ақ бүкіл аймақтардың дамуын айқындап, жетекші экономикалардың негізгі салалары мен бағыттарын мамандармен қамтамасыз етеді, - деп атап өтті университет ректоры Ғалым Мұтанов халық алдындағы есептік кездесуінде.

Ректор университет қызметінің бағыттары, қол жеткізген жетістіктері және мыңдаған ғалымдар ұжымы, оқытушылары мен студенттердің алдында тұрған стратегиялық міндетттер туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялану бағытымен мақсатты түрде келе жатқаны аталып өтті. Биыл университет QS халықаралық рейтингісінде тағы да алға жылжып, әлемнің ең үздік жоғары оқу орындары арасында 220-орынға ие болды. Бұл топқа ТМД елдерінен ҚазҰУ мен Ломоносов атындағы ММУ ғана кіріп отыр.

«ҚазҰУ өзінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін көтеру және әлемнің 200 үздік топ университеті құрамына ену жөніндегі ел Президентінің тапсырмасын орындау жолында белсенді жұмыстар атқаруда. Университет оқу бағдарламаларының 90%-ы халықаралық аккретациялық агенттіктердің аккредитациясынан сәтті өтті. Бірнеше оқу бағдарламалары «EUR-ACE® Label» еуропалық сапа белгісін иеленген. ҚазҰУ қос диплом бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен 70-тен аса бағдарламаны жүзеге асырып отырған жалғыз университет», - деді ҚазҰУ басшысы баяндамада.

Экономиканы жаңғырту және өндіріске мамандарды даярлауға бағытталған 4.0 мемлекеттік даму бағдарламасы аясында осы оқу жылында ҚазҰУ-да қағида тұрғысында «Е-коммерция», «Сандық лингвистика», «BIG DATA», «Жасанды интеллект», «Геоинформатика», «Интернет бұйым», «Биоинформатика» және т.б. жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Сондай-ақ, АХҚО және Бенхалиф Университетімен (Катар) бірлесе ислам қаржысы және банкинг бойынша бағдарламалар енгізілуде. Ағылшын тілінде 162 мамандық оқытылады.

Университет алдыңғы қатарлы тәжірибелер орталығына, инновация мен нақты өндірістің, ғылым мен білімнің ортақ трансфертіне айналуда. Ірі жоғары технологиялық корпорациялар университеттің зерттеу және білім беру жұмыстарына қарқынды араласады. ҚазҰУ-да «Hewlett-Packard», «Cisco», «Koniсa Minolta», «Fujitsu», «Samsung», «Alcatel», «Microsoft», «Лаборатория Касперского», «Huawei», «SAP» және т.б. әлемдік компаниялардың 16 ғылыми-білім беру орталықтары құрылған әрі сәтті жұмыс атқаруда.

Халықпен есепті кездесу барысында Ғалым Мұтанов Алматы қаласының тұрғындары мен БАҚ өкілдерінің, оқытушылардың, студенттердің және де олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар олардың  тілектері мен ұсыныстары ескеріліп, тиісті қызметтерге нұсқау берілді.

КазНУ - отчет ректора_2018_рус.doc

ҚазҰУ - ректор есебі 2018_каз.docx

Баспасөз қызметі