Жапон мәдениеті тақырыбында ашық дәріс

28.09.2018

Көрулер: 333

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Кочи Университетінің (Жапония) профессоры Иноуэ мырза Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен магистранттарына арнап ашық дәріс өткізді.

Дәріс барысында студенттер Жапон мәдениеті туралы көптеген мағлұмат алып, Жапон қалалары, көрікті жерлері және тұрмысымен таныса алды. Сонымен қатар, Иноуэ мырза Жапонияның кейбір климаттық және ландшафтық ерекшеліктері, Жапониядағы ең танымал туристік орындар,тағамдары мен тарихи ескерткіштері туралы да қызықты ақпараттар берді. Студенттер Жапония мен Қазақстандағы білім жүйесін салыстыру мүмкіндігіне ие болды. Осы жылы Кочи Университетімен ғылым және білім саласында ынтымақтастық туралы келісімшарт орнатылғандықтан, Кочи Университетінде студенттер алмасу бағдарламасы арқылы оқу мүмкіндіктері жайлы да айтылды.