Қытай Коммунистік партиясы ОК хатшылығы, ҚКП ОК Насихат бөлімінің министрі Лю Юньшанның ҚазҰУ-ға сапары

06.09.2010

Көрулер: 528

3 қыркүйекте Политбюро, Қытай Комунистік партиясы Орталық комитетінің секретариаты, ҚКП ОК насихат бөлімінің министрі Лю Юьншан мырза бастаған Қытай делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келді. Сапар барысында қытайлық өкілдерге ҚазҰУ-дың тыныс-тіршілігінен ақпарат беріп, ҚХР университеттері арасында орналасқан тығыз әріптестік жайында мәлім еткен ректор Бақытжан Жұмағұлов: «ҚазҰУ-да мың шақты Қытай азаматы білім алады. Біздің университет алдағы уақытта бұл елімен ғылыми-зерттеу бағытындағы әріптестікті нығайта түседі», - деген пікірін жеткізді. Сонымен қатар ҚКП ОК насихат бөлімінің министрі Лю Юьншан мырзаға «Бәйтерек» сыйлығын ұсынып, иығына шапан жапты.

Өз кезегінде ҚКП ОК насихат бөлімінің министрі Лю Юьншан: «Қазақстандағы ең жетекші университетке, жалпы Алматыға алғашқы сапарым өте сәтті өтіп жатыр. Мен көбасшы университет басшылығымен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. ҚазҰУ-дың қытай біліміне де қосар үлесі зор. Себебі бұл университетте біздің елдің жастары да сапалы білім алып жатыр» деген ризашылығын айтты.

23 адамнан құралған қытайлық делегациядан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Конфуция университетінің студенттері өнерлерін аянып қалмады. Сондай-ақ Конфуция институтының директоры Рақымжан Асылбеков орталықтың жетістіктерімен және атқарып жатқан жұмыстарымен егжей-тегжей таныстырып өтті. Конфуция Институты идеясы Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз достастықтың нәтижесінде екі елдің басшыларының қолдауымен 2002 жылы қолға алынды. Қазақстанның жетекші университеті мен Ланьчжоу университетінің көпжылдық әріптестігінің негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 2007 жылы ҚазҰУ Қытай тілі орталығында қалыптасып “Конфуция Институты” құрылды. Институт жұмысы қазақстандық және қытайлық оқытушылардың көмегімен қытай тілі мамандарын дайындау болып табылады. Осы орайда Конфуция институты директорының айтуынша, мұнда ізденушілерге сапалы білім беретін 5000-нан аса оқулықпен жабдықталған кітапхана және мықты мамандар бар.

Университеттің бас ғимаратында өткен кездесуден кейін делегация ҚазҰУ жанындағы “Конфуция Институтының” жұмысымен танысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі