Ағылшын тілінде сапалы білім беру

28.09.2018

Көрулер: 414

ҚазҰУ-да «5В060800-Экология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын құрастыру бойынша ІІ Халықаралық семинар болып өтті.

Семинарға қатысушалар жаңа білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, оны жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін құзыреттілік тәсілмен халықаралық стандарттарға және инновациялық шешімдерге сәйкестендіріп үйлестіру бойынша баяндамалар жасады. «Болашақ экологтарға ағылшын тілінде сапалы білім беруді қамтамасыз етуде пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дамыту мәселелері бойынша өткен жиынға қатысқаныма қуаныштымын», -деді Ұлыбританиядан келген профессор М. Лукас.

Ағылшын тілінде бакалаврларды дайындауда жаңа бағдарламаның жүзеге асырылуы Қазақстан ЖОО-ның халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік бере отырып, мамандар беделді отандық және шетелдік компанияларда жұмыс істеуге қабілетті болады дейді жиынға қатысушылар. Сондай-ақ семинар аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша бакалавриат-экологтар үшін ағылшын тілінде сапалы білім беруді қамтамасыз етуде пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дамыту мәселелері кеңінен талқыға түсті.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы