Жас буын есірткіге елікпеңіз

01.10.2018

Көрулер: 330

ҚазҰУ-да Алматы қаласының құқық қорғау органдары мен қалалық медициналық әлеуметтік түзеу жөніндегі наркоорталықтың қызметкерлері есірткіге қарсы түсіндірме шараларын өткізді.

Нашақорлық бүгінде адамзатты алаңдататын әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі. Осы дертпен күресу мақсатында Алматы қаласы құқық қорғау органдарының арнайы өкілдері ҚазҰУ жастарына оның зияны мен адам өміріне қауіптілігі жайлы толыққанды ақпаратпен бөлісті.

Бірінші болып сөз алған қалалық наркоорталықтың арнайы қызметкері Любушкин Алексей «Қазіргі таңда әлемде бұл дертке көп жағдайда жастар мен жасөспірімдер шалдығып жатады. Олардың басым көпшілігі есірткінің синтетикалық түріне әуестеніп, өлімнің не екенін терең түсінбейтін жаста есірткіге ұрынады. Нашаның бұл түрлері адам ағзасын толықтай жойып, жас ағзаны зақымдайды. Оны бір пайдаланып көрген адам оған тікелей тәуелділікті сезінеді. Өмірін жаңа бастаған жастар үшін бұл бар ғұмырының құрдымға кетуімен пара пар. Сондықтан да бұл дерттен дер кезінде бас тартып, есірткіге елікпей салауатты өмір салтын ұстаныңыз»,-дейді Любушкин Алексей. Сондай-ақ ол жастарға нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабынан бөлек, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлері жөнінде де ескертіп, жастарды есірткіге бейім болмауға шақырды. Шара барысында студенттер есірткі нашақорлығымен күрес және оның алдын алдын алудың түрлері мен зардабы туралы толық мағлұмат алып, шара соңы студенттер мен арнайы мамандар арасындағы ашық әңгімеге ұласты.

Баспасөз қызметі