Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы онлайн-семинар

04.10.2018

Көрулер: 691

5 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, заң және халықаралық қатынастар, қылмыстық процесс және криминалистика кафедраларының 4 курс студенттері арасында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша онлайн-семинар өтеді.

Өтетін орны және уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ректорат 3 қабат, 308 ауд. сағ. 11.00

 

Ұйымдастырушылар: «Сарапшы-эксперт» студенттік-ғылыми үйірме мүшелері, «Құқықтану» мамандығының студенттері, «Сарапшы-эксперт» студенттік-ғылыми үйірмесінің жетекшісі, аға оқытушы Даубасова С.Ш. және М.Әуезов атыңдағы ОҚМУ, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының, з.ғ.к., доценті Ким Э.П.