Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Web of Science-та ең көп жарияланатын ұйым ретінде беделді марапатқа ие болды

05.10.2018

Көрулер: 390

Еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соңғы 5 жылда «Web of Science» халықаралық дерекқорында индекстелетін нөлдік импакт-фактордан жоғары рейтингілік журналдарда жарияланған мақалалар саны бойынша Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді.

«Clarivate Analytics» халықаралық компаниясы «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards» тәуелсіз марапатының салтанатты рәсімін өткізді, онда Қазақстанның ғылыми басылымдары мен ғылыми ұйымдарының авторлары ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін атап өтілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ елдегі жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасында «Web of Science Core Collection басылымдарындағы көшбасшы» номинациясында тәуелсіз марапатқа ие болды.

Бұл марапат тағы да ҚазҰУ-дың жетекші университет ретінде ғылым, білім және инновацияның алдыңғы қатарлы орталығы екендігін, сондай-ақ халықаралық рейтингтік журналдарда ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін көрсетті. ҚазҰУ ғалымдарынан дәйексөз келтірілген басылымдар саны жыл сайын 40%-ға өсуде. Бұл ҚазҰУ-ды әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру, ғаламдық ғылыми және білім беру кеңістігіне интернационалдандыру және интеграция саясатын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі.

«Web of Science Core Collection» - әлемдегі ғылыми басылымдардың жетекші дерекқоры. Онда 18 мыңнан астам журнал индекстеледі, олардың 12 мыңнан астамының импакт-факторы бар.