Қазақ тарихындағы батырлардың рөлі

01.11.2018

Көрулер: 306

ҚР Президенті Н. Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді орнындау мақсатында 7 қарашада 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері, Ақ Орда республикалық қозғалысы және Бәйдібек баба қорымен біріге отырып «Қазақ тарихындағы батырлардың рөлі» атты Қарасай батырдың туғанына 420 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция барысында отанды қорғау жолындағы қазақ батырларының өмірі мен ерліктері ғылыми тұрғыдан талданып, оның жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі орны және «Мәңгілік елге» жеткізудегі маңызы жөнінде пікір алмасу өтеді.

Конференция мақсаты Қазақ халқының азаттық соғыстарында қол бастаған және сол жолға өмірін арнаған батырлардың күреске толы тағдырының маңызын ашып көрсету. Азаттық жолындағы күрестер сабақтастығын талдай отыра, соның жемісі болған мемлекеттіліктің қалыптасу тарихын айқындау, ортаға ой салу, пікір алмасу.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

- Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының орны;

- Қарасай батыр: өмір жолы мен қазақ тарихындағы рөлі

- Қазақ-жоңғар соғыстары кезеңіндегі қазақ батырларының ел қорғау жолындағы күрестері.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ және орыс

Конференция жұмысына Т.Омарбеков, Х. Абжанов, З. Тайшыбай, Б. Кәрібаев, Б. Еженханұлы және т.б. белгілі ғалымдар қатысады.  

Конференция жұмысы «рухани жаңғыру» міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған ерліктің, тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз қажет. Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа қалдырған мұрасының халықаралық деңгейде көтерілуі мен зерттелуіне жаң серпін береді деп күтілуде.

Ресми ашылуы мен пленарлық мәжілістің басталуы: 7 қараша 2018ж., сағ. 11.00.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы кітапхана (416 зал) 4 қабат

Барлық БАҚ- құралдарын ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.