«Мұнайгаз кешенінің ғылыми-техникалық дамуы» атты VІІІ Халықаралық ғылыми Надыров оқулары

10.09.2010

Көрулер: 588

Халықаралық ғылыми Надиров оқулары ғылыми жұмыстар мен инженерлік шығармашылықты және оқу үдерістерін заманауи жетелдіру мақсатында 2001 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұл шара Атырау, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда және Оралда ұйымдастырылады. Сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттері мен жоғары оқу орындарынан басқа шетелде де аталмыш шара орын алады. 2006 жылы Надиров оқулары маңызды қоғамдық құбылыс ретінде Ресей ғылым академиясының Сібір бөліміндегі (Томас қаласы) Мұнай-газ институтында өткізілді. Жарқын әрі өзекті жағдайға орай аталмыш университеттегі үлкен дәрістік аудиториялар бүгінде Надиров есімімен аталады.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Н.К.Надиров – мұнайхимиясы және мұнай өндіру жұмыстарының қазақстандық ғылыми мектебін қалыптастырған әлемдік деңгейдегі ғалым, 800-ден аса жарияланымның, 27 монографияның, 300 –дей ғылыми еңбектің, бес ғылыми жаңалықтың авторы. Оның мұнай-газ ғылымы мен өндірісіндегі зор үлесі ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Құрметті мұнайшысы, КСРО ғылым танушысы, И.М.Губкин атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті инженері, Ресей федерациясының үздік халық ағартушысы, Ғылым маршалы (Франция) және т.б. көптеген атақтармен марапатталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық Инженерия академиясы және Атырау мұнай және газ институтының қолдауындағы «Мұнайгаз кешенінің ғылыми-техникалық дамуы» атты VІІІ Халықаралық ғылыми Надыров оқулары Қазақстан Республикасының Алматыда орналасқан жоғары оқу орны флагманы болып табылатын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылады. Кең қоғамдастық Надиров оқуларының “кездесу орны” деп аталып, жоғары оқу орнының заманауи және қолданбалы мұнайдың ғылымы саласында жоғары білім иелерінің пікір алмасу мінберіне айналды.

Еліміздің оңтүстік астанасында мұнай-газ ғылымының, техника және өндіріс саласының мамандары – студенттер, академиктер, аспиранттер және жас инженерлер, жетекші өндіріс орнының жетекшілері, жоғары оқу орындарының профессорлары, жоғары деңгейдегі менеджерлер бас қосады. Жалпы мәселелер аясында олар заманауи мұнай-газ кешенінің ғылыми-технологиялық бағытының дамуы, отандық және шетелдік ғалымдардың жаңа идеясы мен бағыт бағдары, тәжірибесі, мүмкіндіктері төңірігінде мәселелер талқылайтын болады.

Халықаралық ғылыми Надиров оқуларының тағы бір дәстүрі – өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырып, танымал ғалымдардың әлі белгісіз еңбектерімен таныстыру. Мәселен, олардың бағдарламасында Ғарыштың мұнайгаз және басқа да жер жұмыстарына әсері туралы бірнеше баяндамалар мен хабарламалар бар – бұл бағыт Н.К.Надиров еңбектерінде және зерттеу дәйектемелерінде бұрыннан қарастырылған. Осының алдында өткен жетінші оқулардағы сияқты ҚР Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті, “Мұнай және газ” журналының Бас редакторы Н.К. Надиров бұл оқуларды да өзінің осы тақырып аясындағы пленарлық баяндамасымен бастайды.

Академик Н.К.Надиров мұнай-газ алудағы энерго-экологиялық қауіпсіздік аспектісінде және өндіру сасалсында да өзінің қайталанбас идеяларымен танымал. Бұл бағыт, сонымен қатар экономика, экология, көмірсу тасымалы саласындағы өзекті мәселелер VІІІ Халықаралық ғылыми Надыров оқуларындағы баяндамалар мен мамандардың басты назарында болады.

VІІІ Халықаралық ғылыми Надыров оқуларында ұсынылатын Үздік жұмыстардың авторы, дәстүр бойынша “Надыров оқуларының – лауреатына” медалімен, ұйымдастыру комитетінің сыйлықтарымен марапатталады. Ал Оқулардың баяндамалары мен материалдары, әдеттегідей, жедел түрде жинаққа түрлі-түсті суреттерімен жарияланады.

VІІІ Халықаралық ғылыми Надыров оқуларының Бас демеушісі “КазРосГаз” болып табылады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі