Тағылымды кездесу

02.11.2018

Көрулер: 411

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғалым Мұтановтың Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесуі өтті. Аталмыш шара диалог ретінде өрбіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Кездесу алдында оқушыларға университет аумағындағы мұражай, кітапхана, «Керемет» СҚКО мен технопарк көрсетілді. Сонымен қатар олар жылыжайда өсіріліп жатқан сирек кездесетін өсімдіктер мен жаңа технология бойынша өсіріп жатқан өнімдер мен көкөністерді көріп, студенттер мен оқытушылардың зерханалық жұмыстарын тамашалай алды.

Экскурсия барысында оқушылар университеттің қызметі, мақсаттары мен міндеттері туралы көп мағлұмат алды және көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге бөленді. ШҚО-ның 50-ге жуық оқушылары өздерінің демалыс уақыттарын Қазақстанның жетекші оқу орны атанған ҚазҰУ-да керемет өткізді деуге болады.

ҚазҰУ ректорымен кездесу барысында оқушылар факультеттердегі оқу үрдісінің ерекшеліктеріне қызығушылық танытып, университетте ашылған жаңа мамандықтар туралы сұрақтар қойды. Жарма ауданының Жаңа Өзен ауылынан келген оқушылардың бірі ректордан университеттің IT және жаңа технологиялар факультеті туралы айтып беруін өтінді. Болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап берген Ғалым Мұтанов IT-технологиялардың негізгі бағыттары – ЖОО қызметін автоматтандыруға бұлтты технологияларды, кампус инфрақұрылымын басқаруда smart-технологияларды, талдау жүйесін қалыптастыру үшін Big Data технологиясын енгізу, ІТ – қызметтерінің аутсорсингін дамыту екенін атап өтті.

ҚазҰУ-дың IT-технологияларды дамыту мен енгізудегі жетістіктері мен алдыңғы қатарлы ұстанымдарының дәлелі ретінде Microsoft, Hewlett-Packard, Cisco, Huawei, Samsung, Konika Minolta, Fujitsu әлемдік жетекші компанияларының, Касперский зертханаларының және басқа да ғылыми-білім беру орталықтарының ашылуы. Сонымен қатар, университеттің заманауи IT-технологияларды енгізу бойынша қызметі Мicrosoft танымал әлемдік компаниясымен жоғары бағаланды. Бүгін де жаңа IT- факультетінде жоғары технологиялар саласы үшін мамандарды даярлау жүріп жатыр, оған биыл грант негізінде көптеген студенттер келіп түсті. Ғалым Мұтанов оқушыларға оқуға көп уақыт бөліп, білім алуға кеңес берді, өйткені білім жаңа биік белестерге жетелейтін заманауи құрал екендігін ерекше айтып өтті.

Кездесу соңында оқушылар университет басшылығына өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар оқушыларға университет тарапынан арнайы сыйлықтар мен ректор Ғалым Мұтановтың «Жан жылуы» атты жеке өлеңдер жинағы табысталды.

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz