Механика-математика факультетінің жаңа оқу жылындағы бірінші Ғылыми кеңес мәжілісі болып өтті

15.09.2010

Көрулер: 491

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Механика-математика факультеті Ғылыми кеңесінің 14.09.2010 жылы болған мәжілісінің «Механика-математика факультетінің 2009-2010 оқу жылындағы жұмыс нәтижелері мен 2010-2011 оқу жылындағы мақсаттары» бойынша қабылдаған

ҚАУЛЫСЫ

Механика-математика факультетінің деканы, профессор М.Ә.Бектемесовтың «Механика-математика факультетінің 2009-2010 оқу жылының есебі және жаңа оқу жылына қойылатын мақсаттары» атты есеп-баяндамасын тыңдап, талдау нәтижесі бойынша факультет өткен оқу жылында алдына қойылған міндеттерді жалпы алғанда орындады деп есептеуге болады. Факультетте бакалаврларды дайындау жеті мамандық, магистранттарды дайындау бес мамандық бойынша жүзеге асырылады.

Осы оқу жылынан бастап - “6D060100-Математика”, “6D060200-Информатика”, “6D060300-Механика”, “6D070300-Ақпараттық жүйелер”, “6D070500-Математикалық және компьютерлік пішіндеу” бес Ph.D докторантура мамандықтары бойынша оқу жалғастырылады.

2009-2010 оқу жылында факультеттің бакалавриатында – 1102, магистратурасында – 138, барлығы – 1240 адам оқыды. Осы оқу жылында факультет мамандықтарына қабылдау ерекше болып 513 студент 1 курсқа (413-грант иегері, 100- ақылы түрде) оқуға түсті, оның ішінде 76-олимпиада мен 26 ғылыми жобалар жеңімпаздары. Жалпы бакалавриатта - 1401 студент болса, магистратурада - 135 (оның 56-сы 1 курс магистрлері) магистр оқуда. Ал докторантураға 13 талапкер қабылданып, факультеттегі докторанттар саны 26 болды. Сонымен жалпы контингент 1562 адамға жетті.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі барлық мамандықтар бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына жариялаған екі конкурстың екеуінде де жеңіп шығу нәтижесінде, механика-математика факультеті осы саладағы 5 мамандықтың төртеуіне (бакалавриат пен магистратурасы) жетекші болып отыр: 5B0601, 6М0601–математика, 5B0602, 6М0602–информатика, 5B0603, 6М0603–механика, 5B0705, 6М0705–математикалық және компьютерлік пішіндеу.

Биылғы оқу жылында барлық мамандықтарға оқу жұмыс бағдарламаларын жасаудың жаңа талаптарына сай эксперименталдық білім беру бағдарламаларын жасауға байланысты көлемді жұмыстар жүргізілді. Факультетімізге жаңадан 60 компьютер бөлініп, тағы да 78 компьютер мен басқа да ұйымдастыру техниканы келесі айда пайдалануға беріледі.

Механика-математика факультетінің 35 қызметкері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жылдығына орай марапатталса, 10 адамға ҚР Білім және Ғылым Министрінен «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті қызметкері» төс белгісі берілді.

Әртүрлі конкурстарға ММ ҒЗИ белсене қатысуының арқасында 2009-2010 оқу жылында жаңа ғылыми зерттеулер мен бағыттар пайда болды. 2009 жылда ЕМК «ММ ҒЗИ» 7 конкурсқа 70 жобамен қатысты. Олардың ішінен 2 жоба өтті (225 млн. 647 мың теңге). 2010ж.– 2 конкурсқа 24 жоба қатысып, 4 жоба өтті (28 млн 862 тыс.тенге).

Дегенмен де, Ғылыми кеңес мынадай мәселелерді атап өтеді. Факультеттің әдістемелік бюросы деканаттан кейінгі екінші оқу әдістемелік жұмыстарды басқаратын ұжым болуы керек, бірақ өткен оқу жылында әдістемелік бюро өз жұмын осы деңгейде атқаруға қол жеткізе алмады.

Шақырылған профессор-лекторлармен жұмыс істеудің пайдалы әсер коэффициенті әлі де төмен, жалпы үлкен ғылыми мектеп өкілдері емес адамдар да шақырылған сияқты, оларды факультет ғылыми ортасына таныстыру жолы дұрыс қойылмаған, олардың лекцияларына магистрлер мен докторантарды, жас оқытушыларды толық катыстыру жолдарын ойластыру керек.

Шет елдік жоғары деңгейлі импакт–факторлы журналдарға мақалаларды шығаруға жаңа талпыныс қажет.

Осы айтылғандарды ескеріп Ғылыми кеңес мынадай қаулы қабылдайды:

  1. 2009-2010 оқу жылындағы факультеттің қызметі қанағаттанарлық деп есептелсін.
  2. Кредиттік оқыту жүйесі мен эксперименттік білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес оқу үрдісінің ұйымдастырылуы деканның оқу ісі жөніндегі орынбасарына, кафедра меңгерушілеріне, әдістемелік бюроға жүктелсін.
  3. Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасарының, кафедра меңгерушілерінің басты жұмысы білім беру сапасын жақсарту бағытында болуы міндеттелсін.
  4. Кафедра меңгерушілері мен әдістемелік бюро 2-4 курс студенттері мен «Космостық техника және технология» мамандығы бойынша түскен 1 курс студенттерінің оқу үрдісі білім берудің мемлекеттік стандарттарына, пәндердің типтік бағдарламаларына сәйкес болуын, қатаң бақылауға алсын.
  5. Кафедра меңгерушілеріне инновациалық, ақпараттық және телекоммуникациалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу бағытындағы жұмыстарын жандандыру жүктелсін.
  6. Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасарына оқу үрдісінің ұйымдастырылуына бақылауды күшейту, факультеттегі үлгерімді көтеру және АМБ-ға дайындықты жақсартуға қажетті шараларды іске асыру жүктелсін.
  7. Кафедра меңгерушілеріне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ғылыми жұмыстар мен ғылыми консультациялардың нәтижелілігіне бақылауды күшейту, 2010-2014 жылдарға зерттеуші ғалым кадрларды дайындаудың перспективті жоспар жобасын дайындау жүктелсін.

8. Кафедра меңгерушілеріне оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасап, жақсарту жолдарын қарастыру, оқытушы-профессорлық құрамның импакт-факторы жоғары шет елдік басылымдарда мақала жариялау және республикалық және халықаралық ғылыми жобаларға қатысуын жандандыру жүктелсін.

  1. Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына кәсіби бағыттағы жұмыс жүйесін жасау; білім беру саласындағы дарынды балалар дайындайтын мектеп, гимназиялармен қарым-қатынас орнатып, оны келісім шартпен бекіту жүктелсін.
  2. Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, кафедра меңгерушілеріне және студенттер мәслихатына студенттерге патриоттық тәрбие беру жұмыстарын үздіксіз жүргізу, студенттердің республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени және спорттық шараларға қатысуын жандандыру жүктелсін.
  3. Кафедра меңгерушілеріне осы қаулыны кафедра мәжілісінде қарап, талдау жүктелсін.
  4. Ғылыми кеңестің осы қаулысының орындалуын бақылау кеңес төрағасына жүктелсін.

Ғылыми кеңес төрағасы, профессор Бектемесов М.А.

Хатшы Оразбекова Л.Н.