ҚазҰУ-да І халықаралық Жолдасбеков симпозиумына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналғаны жиын өтті

21.09.2010

Көрулер: 662

2011 жылдың 1-2 наурызында Алматыда майталман ғалым, ғылым мен білімнің үйлестірушісі, көрнекті қоғам, саясат және мемлекет қайраткері Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 80 жылдығына арналған І халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді деп жоспарлануда.

Осы орайда 20 қыркүйекте әл-фараби атындағы ҚазҰУ-да І халықаралық Жолдасбеков симпозиумына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналғаны жиын өтті. Аталмыш ғылыми ірі шараның өтуін талқылаған отырысты академик Бақытжан Жұмағұлов жүргізді жүргізді. Жиын барысында Ө.А.Жолдасбековке арналған бюст ескерткішін тұрғызу мақұлданып, осы жұмысқа кететін шығын есептелді. Сонымен қатар академиктің ғылыми еңбектерінен жинақ құрастырып, деректі фильм түсіруді қолға алу керектігі айтылды. Симпозиумға келетін шетелдік қонақтардың тізімі жасалынып, шара демеушілері нақтыланды. Бұлармен бірге академик Жолдасбеков жайында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен баяндамалар жарық көруі назарға алынса деген сауалдар қарастырылды. І халықаралық Жолдасбеков симпозиумын өткізуге жұмаслатын қаржы мөлшері алдын-ала қарастырылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі