БАӘ-мен ынтымақтастық дамымақ

30.11.2018

Көрулер: 232

ҚазҰУ-ға Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мухаммед Камиль Али Муейни бастаған делегация құрамы келді.

Делегация құрамын қарсы алған ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев «Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Біріккен Араб Әмірліктерімен тығыз байланыс орнатты. Екі ел арасындағы дипломатиялық, саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас жоғары деңгейде даму үстінде. Оған дәлел біздің университетте еліміз бойынша шығыс тілдерінде маман даярлайтын шығыстану факультеті бар. Факультетте 8 шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди, урду және екі батыс тілі ағылшын және француз тілдері оқытылады. Университет қабырғасында шығыс тілдерін зерттеу орталықтары да жұмыс істейді. Осы орайда біз сіздердің институттарыңызбен бірлесе араб тілінде мамандар даярлауды қолға алып, оны одан әрмен қарай дамытсақ», – деді бірінші проректор.

«Қазақ және араб тілі бізді байланыстырып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты күшейтуге тікелей ықпал етуші құрал. Осы тұрғыда біз сіздердің университеттеріңізбен білім, ғылым салаларында әріптестік орнатып, байланысымызды кеңейтсек», – деді Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мухаммед Камиль Али Муейни. Сондай-ақ кездесу барысында тараптар оқытушылардың біліктіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу және студенттердің тіл ұстарту тәжірибесінен өту маңыздылығына тоқталып, екіжақты болашақ ынтымақтастық бағыттарын кеңінен талқыға салды.

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz