«ЭКОЛОГИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

28.09.2010

Көрулер: 615

30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында сағ. 10-00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология факультетінде өтеді. Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология факультеті, Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты.

Конференцияның мақсаты - экология және қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі кездегі табиғи-ғылымдық және әлеуметті-гуманитарлық мәселелерді қарастыру, сонымен бірге оларды шешуге әр түрлі мамандардың күштерін біріктіру.

Экология және қоршаған ортаны қорғаудың табиғи-ғылымдық мәселелері бойынша антропогенді бұзылған экожүйелердің биоиндикациясы және биоремедиациясы, экологиялық биотехнология, геоэкология, ластанған қоршаған ортаның экологиялық нормалау және мониторинг мәселелері, экологиядағы қазіргі кездегі моделдеу технологиялары қарастылырады.

Экология және қоршаған ортаны қорғаудың әлеуметті-гуманитарлық мәселелері бойынша экологиялық қауіпсіздік жүйесінде праволық реттеу, экологиялық білім берудің қазіргі кездегі мәселелері, адам денсаулығы және экология мәселелері қарастырылады.

Конференцияға Египет, Канада және ТМЕ елдерінің (Азербайджан, Армения, Беларусь, Қыргызстан, Ресей) жетекші ғалымдары мен эколог-мамандары 100-ден артық баяндамаларын ұсынды. Қазақстан бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Қараганды, Қостанай, Қызыл-Орда, Павлодар, Тараз, Семей және Орал қалаларындағы жоғары оқу орындары мен академиялық институттардың ғалымдары экология және қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі кездегі мәселелеріне қатысты баяндамаларын ұсынды.

Конференцияға республикамыздың кейбір ЖШС-тың («Ф.М. Мұхамедғалиев атындағы эксперименталдық биология институты», «Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты», «Денсаулық сақтау және экопроектирования орталығы», «АгроКонсульт», «Недра», «Экосервис») ғалымдары мен мамандары қатысады.

Экология және қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі кездегі мәселелеріне қатысты пленарлық баяндамаларын ҚР ҰҒА академиктері Надиров Н.К. (ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Алматы) және Берсимбай Р.И. (Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялақ университеті, Астана), профессорлар - Панин М.С. (Семей мемлекеттік педагогкалық институты, Семей), Бигалиев А.Б. (Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті, Алматы), Жакашов Н.Ж. (С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы), Джансугурова Л.Б. (Жалпы генетика және цитология институты, Алматы), Федоров Г.В. (ТОО «Экосервис С», Алматы) жасайды.

Конференцияның соңында резолюция қабылданатын болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі