ҚазҰУ-да «Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы аясындағы болашаққа интеллектуалдық секіріс: біздің жетістіктеріміз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

29.09.2010

Көрулер: 646

1 қазанда сағ. 10.00-15.00 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы аясындағы болашаққа интеллектуалдық секіріс: біздің жетістіктеріміз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдық мерейтойын мерекелеуде оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» актілік дәрісінде қозғалған мәселелерді талқылау және жүзеге асыру.

Конференцияны Нұр Отан ХДП жанындағы Құқықтық Кеңес пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізеді.

Халықаралық конференция жұмысына, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция жобасы ұсынылады.

Мекен-жайымыз: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ заң факультетінің Мәжіліс залы, .410 ауд.

Байланыстар:
әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
журналистика факультеті
Гаухар Тасбулатова, Сидикова Даурия – тел. 8 (727) 377-34-43,
е-mail: gauhar_almaty@mail.ru