Американдық профессордың сыйлығы

09.02.2019

Көрулер: 294

Вашингтон университетінің профессоры Марина Толмачёва жеке қорынан ҚазҰУ кітапханасына құнды кітаптарын сыйға тартты.  

Американдық ғалым ҚазҰУ-ға «Фулбрайт» бағдарламасы бойынша дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының шақыртуымен арнайы келген. Ол тарих, археология және этнология факультетінде «Дүниежүзі тарихы контекстіндегі Еуразия тарихы» атты тақырыпта төрт айға жуық уақыт 1 курс магистранттары мен тарихшыларға арнайы дәріс оқыды. Профессордың ҚазҰУ кітапханасына табыс еткен оқулықтардың қатарында дүниежүзі тарихы, Еуразия және Таяу Шығыстың тарихы мен мәдениеті бойынша және ғалымның өзінің монографиялары, ғылыми жинақтарына кіретін кітаптары бар. Мәселен профессордың суахали тілінен ағылшын тіліне аударған шығысафрикандық Пате қаласының (қазіргі Кения) отаршылдыққа дейінгі хроникасын атап айтуға болады. Африка, Сауд Арабиясы, Кувейттің тарихы мен мәдениеті жайлы кітаптар гуманитарлық мамандықтарда оқитын студенттерге пайдалы болмақ, себебі профессор М. Толмачева 4 жылдан артық уақыт осы елдерде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ ғалым әл-Фараби кітапханасы қорына «Голливуд классикасы» саналатын 200 американдық фильмдер коллекциясын ұсынды. Мұндай коммерциялық коллекцияларды пайдалану ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларына ағылшын тілін жетілдіруге, киноиндустрия тарихын зерттеуге және әдеби классикалардың экранизациясын тамашалауға мүмкіндік береді.

 

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

www.kaznu.kz