Жуырда жатахана беріле бастайды

06.08.2019

Көрулер: 380

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚазҰУ студенттерді жатаханаға орналастыруға дайындықты бастап кетті.

Жыл сайын ҚазҰУ-да әр факультетке түсуші студенттерді студенттер үйіне орналастыру туралы шешімді факультет деканы басқаратын арнайы құрылған факультет комиссиясы қабылдайды. Комиссия құрамына міндетті түрде студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері қатысады.

Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлу негіздемелері мен кезектілікті ескере отырып, бірінші кезекте биылғы бірінші курсқа түскен студенттердің өтінішін қабылдайды. Алғаш болып жатақхана мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі студенттер; ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар; ата-анасының екеуіде немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі барлар; "Алтын белгі" иегерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар (әр факультеттің комисия құрамы бекіткен балл бойынша); Президенттік, Халықаралық және Республикалық олимпиада немесе конкурс жеңімпазының сертификатын иеленген білім алушылар (ҚР БжҒМ сертификаты); сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, ҰБТ-дан 125-140 бал жинағын талапкерлерге беріледі.

Биылғы оқу жылында автоматты түрде «Универ» жүйесінінің базасына тіркеліп тұрған жоғары 2,3,4 курс студенттері кезектен тыс орналастырылады. Олар: толық жетім студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінен келген; мүмкіндігі шектеулі жандар және отбасында бір мүгедектігі бар, ата-анасының екеуі немесе біреуінің мүгедектігі бар; GPA А, А- деңгейі жоғары бестік бағада оқитын студенттер; универсиада жеңімпаздары; шетелдік тәлімгерлер; оралмандар; академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген білім алушылар; белсенді студенттер кіреді.

Арнайы жүйе бойынша студенттер үйіне өтінімді онлайн түрде қабылдау университетте 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл жүйені интернет желісі бар кез келген студент қолдана алады. Яғни, жатақхана кезегіне тұрушы тәлімгер үшін өте тиімді әрі келудің қажеттігі туындамайды. Биылғы жылы студенттер үйінің кезегінде тұрған білім алушыларға тамыз айының 20 жұлдызынан бастап жатақхана беріле бастайды.

Орналастыру ережесі.doc

www.kaznu.kz