INESS жиыны өтуде

07.08.2019

Көрулер: 350

ҚазҰУ-да Назарбаев Университеті, «National Laboratory Astana» ЖМ және «Аккумулятор институты» ЖШС-нің бірлесе ұйымдастыруымен «Наноматериалдар мен дамыған энергия сақтау жүйелері» (INESS-2019) бойынша 7-ші халықаралық конференция өтуде.

Шарада Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Канада сынды алыс жақын шетелден жиналған ғалымдар бүгінгі күндегі материалтану, нанотехнология, экология, жаңартылатын энергия көздері мен энергия сақтау жүйелері саласындағы негізгі мәселелерге мән беріп, өз ойларымен бөлісуде. Сондай-ақ жиынға қатысушылар инновациялық наноматериалдар; энергияны сақтаудың және конверсиялаудың инновациялық жүйелері; электрохимиялық датчиктер мен электроаналитикалық қосымшаларға арналған материалдар; батареялардың қауіпсіздігі мен жойылуы; электр көлігі мен тұрақты энергияны сақтауға арналған батареяларды жасау; материалтану және энергияны конверсиялау жүйелеріндегі модельдеу құралдары сынды тақырыптарды талқыға салып, өзара тәжірибе алмасуда. Елімізде 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өтетін INESS конференциясы биыл тамыздың 9-на дейін жалғасады.

www.kaznu.kz