«Қазақ университеті» баспа үйі оқырмандарға өз бестселлерлері мен оқу әдебиетін ұсынады

13.08.2019

Көрулер: 213

Халықаралық кітапқұмарлар күніне орай «Қазақ университеті» баспа үйі оқырмандарға өз бестселлерлері мен оқу әдебиетін ұсынады.

«Қазақ университеті» баспа үйі үшін кітапқұмарлар күні ерекше маңызға ие, өйткені баспа ұйымының негізгі миссиясы – қазіргі заманғы оқырман мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты көркем, ғылыми және оқу әдебиетіне баулу.

Кітапқұмарлар күні немесе Book Lovers Day – бұл тамыз айының бірінші онкүндігінде атап өтілетін бейресми мереке. Бастапқыда оны АҚШ-та ұлттық кітапсүйгіш күні ретінде атап өтіліп, кейін ол бүкіл әлемге тарады. Кітаптар ақпараттың сарқылмас көзі әрі олар оқырманға басқа елдерге және ойдағы түрлі әлемдерге, өткен және болашаққа саяхат жасауға, басқа адамдардың көзқарасымен әлемге қарауға мүмкіндік береді.

 Жазғы акция аясында оқырмандар жеке кітапханасын «Өнегелі өмір» сериясынан жарыққа шыққан кітаптармен толықтыруға мүмкіндігі бар. Тамыз бойы науқандық тізімдегі екі кітапты сатып алып, үшіншісін сыйлыққа алуға болады. «Өнегелі өмір» атты кітап сериясы белгілі отандық ғалым-педагогтардың, жазушылардың, Қазақстанның белгілі саясат, мәдениет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Кітаптарда әр тұлғаның өмір сүрген уақыты мен дәуірі суреттелген.

ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйі Қазақстан нарығында оқу әдебиетін шығару бойынша көшбасшы болып табылады. Сондықтан да оқу жылының басталуына дейін оқулықтар мен оқу құралдарын 10% жеңілдікпен сатып алуға бірегей мүмкіндік беріледі.

Қажетті кітаптарды Алматы қаласындағы Баспа үйінің кітап дүкендеріне келіп немесе интернет-дүкен арқылы кітаптарға тапсырыс жасап сатып алуға болады (magkaznu.com)

www.kaznu.kz