ҚазҰУ-да MIAS Бизнес-мектебі

03.10.2019

Көрулер: 416

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  экономика және бизнес жоғары мектебінде Чех техникалық университеті MIAS Бизнес мектебінің өкілдерімен кездесу өтті.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңсенің бас менеджері Милош Крежи Чехиядағы жетекші болып табылатын Чех техникалық университетінің қызметі туралы презентацияны ұсынды.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады және де келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуге келісті. Атап айтар болсақ, ЭжБЖМ докторанттары үшін шетелдік кеңесшілер ретінде CTU ғалым-зерттеушілерін тарту, инновация және кәсіпкерлік бойынша MIAS Business School жазғы мектебіне қатысу, магистранттар үшін ғылыми-зерттеу тағылымдамасын ұйымдастыру мүмкіндігі, халықаралық гранттық конкурстарға бірлескен өтінім беру, екі дипломды бағдарлама құру мәселелерін одан әрі қарастыру үшін "Инновациялық менеджмент" және "жобаларды басқару" білім беру бағдарламалары бойынша оқу жоспарларын талқылады.

Экономика және бизнес саласындағы еуропалық университеттермен ынтымақтастық факультеттің интернационалдандыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

www.kaznu.kz