Islamic Finance Day

04.10.2019

Көрулер: 340

Алматыда алғаш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ислам қаржы Орталығында Islamic Finance Day оқу семинары өтті. Қазақстандағы Исламдық қаржы апталығы аясында өткен шараны ҚазҰУ университеті Астана халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Islamic Finance Day алаңының мақсаты, халықаралық тәжірибе алмасу мен өңірдегі исламдық қаржыландыруды дамыту мәселелерін сындарлы талқылау. Сондай-ақ исламдық қаржы құралдары туралы жұртшылықты хабардар болуын арттыру.

Қатысушылар мен қонақтарды ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қарсы алып, ҚазҰУ мен халықаралық Астана Ислам қаржы орталығы арқылы исламдық қаржы саласындағы білімді арттыру қажеттігін атап өтті.

Сарапшылардың айтуынша, ислам қаржысы жаһандық нарықта белсенді дамып келеді, бұл оның бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді. Исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттары – мәмілеге қатысушылар арасындағы сенім, адалдық, айқындық, әділдік және транспаренттілік болып табылады.

Спикерлер ретінде қаржы институттарын дамыту бөлімінің аға ғылыми қызметкері Асқар Баймулдин, жеке секторды дамыту Ислам корпорациясының басшысы Муджтаба Халид, «Ислам қаржысы» бағытының жетекшісі Шайма Хасан сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстанның Ислам қаржы ұйымы Аль-Сакр финанс АҚ және ислам қаржысындағы кәсіби қоғамдастығы қатысты.

Islamic Finance Day Almaty бағдарламасы Сукук нарығының инновациялық құрылымдары, Қазақстандағы ICD қаржы өнімдері, сондай-ақ ислам қаржысындағы кәсіпқойлар қауымдастығын дамыту, исламдық қаржы индустриясының өзекті тақырыптарын талқылауға бағытталды. Сондай-ақ, семинар спикерлері ҚР-дағы ислам қаржы жүйесінің толыққанды дамуы үшін микрокредиттік ұйымдар, исламдық сақтандыру секторын және қаржы нарығының басқа да сегменттерін дамыту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық деңгейде исламдық қаржы бойынша білімді мультипликациялау және ел-жұртты арасында теориялық және практикалық қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатын алға қойып отыр.

www.kaznu.kz