ҚазҰУ-дың мердігер-компаниясы университеттің екі студентінің оқу ақысын төледі

16.08.2011

Көрулер: 876

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізетін «Еділ-Жайық» инвестициялық-құрылыс мердігер- компаниясы,университеттегі екі студенттің оқу төлемін өз мойнына алды.

Ғылыми кеңестің өтініші бойынша компания Экономика және бизнес жоғары мектебінің төртінші курс студенті мен халықаралық қатынастар факультеті бірінші курсының жетім әрі ІІІ топтағы мүгедек студентінің оқу ақысын төледі.

«Еділ-Жайық» ИҚК» ЖШС бас директоры Ертіс Бұтабаевтың айтуынша, кәсіптің әлеуметтік сипатынасай бұл іс үлкен үлгі. Сонымен қатар, компания жоспарында құрылыс нысандарына университеттің студенттік құрылыс жасақтарын жұмысқа тарту бар.

Компания әр түрлі нысандарға күрделі құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Мамандар жоғары біліктілікке ие, тапсырушыларға қызмет көрсетуде жоғары жауапкершілік танытады.

Биыл «ЕДIЛ-ЖАЙЫҚ» тарапынан №14 студенттік жатақханаға күрделі жөндеу жасалынып, бүгінде керекті құрал-жабдықтармен қамтылуда.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі