Бірінші курс студенттердің назарына! Бағдар беру аптасы басталады!

17.08.2011

Көрулер: 1365

Құрметті бірінші курс студентттері!

Cіздерді Қазақстанның ең үздік жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсуіңізбен құттықтаймыз! Сiз дұрыс таңдау жасадыңыз! Біз сіздерді КӨШБАСШЫЛЫҚ және UNIVERSITY LIFE атты арнайы бағдар беру бағдарлама бойынша ҚазҰУ-мен жақын таныстырғымыз келеді. Осы бағдарлама академиялық мәселелер жөніндегі Департаменты дүниежүзілік оқу орындарының жақсы тәжірибесі бойынша жасалған. Бағдарлама сiзге ҚазҰУ жаңа өмірге жылдам және оңай бейiмделуге көмектеседі.

Сіздің оқуыңыз 2011ж. 22 тамыз бағдар беру аптасынан басталады. Бағдар беру аптасының бірінші күні факультет декандарымен, эдвайзерлермен кездесу, «Бағдар беру аптасына кіріспе» дәрісінен тұрады. Содан кейін сіз шет тілінен тестілеу тапсырасыз, «ҚазҰУ академиялық саясаты», «Студенттің ар-намыс кодексі», «Универ жүйесі» тақырыптар бойынша дәріс курсын тыңдап шығасыз. Бағдар беру апта шеңберінде мансап және бизнес Орталығы «Көшбасшылық» бойынша тренинг өткізіп, студенттерді Болон үдерісі бойынша студенттік бюро және SIFE Халықаралық студенттік ұйымның қызметімен таныстырады. Сонымен қатар, студенттер Сарайында «Студенттік өмірге еңгізу» атты дәріс курсы және университет конкурстарына қатысу үшін шығармашылық жастарды іріктеу ұйымдастырылады. Бағдар беру апта соңынан барлық бірінші курс студенттері соңғы емтихан тапсырып, емтихан нәтижесі бойынша негізгі оқу процессіне қабылданады.

Барлық бірінші курс студенттеріне бағдар беру апта бойынша, «Универ» жүйесіне тіркелу, студенттік билет алу және т.б. мәселелер бойынша жеке кеңес алу үшін факультет эдвайзерларына жедел кіріп-шығуга керек.

Бағдар беру апта кестесі (көшіру)

Бағдар беру апта постері (көшіру)

SIFE командасына бірінші курс студенттерді қабылдау (көшіру)

Мансап және бизнес орталығы жөнінде ақпарат (көшіру)

Мансап және бизнес орталығы
+7727377 33 73, +7727377 33 63
career@kaznu.kz