"Қазақапрат" Ұлттық ақпарат агенттігі

20.08.2011

Көрулер: 1065

ҚазҰУ-де шет тілін мобильдік оқытуды енгізуге байланысты халықаралық семинар өтеді

АЛМАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылғы 22 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты халықаралық семинар өтеді,

деп мәлімдейді университеттің баспасөз орталығы.

Семинарды Қазақстандағы «Nokia» компаниясының қаржылай қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, электронды оқытуды дамыту қоғамдық білім қоры ұйымдастырып отыр.

Іс-шара шет тілін оқытуда инновацииялық әдістерді белсенді түрде енгізуге бағытталған. Семинарда оқытушылардың «Хофсо»-ның теориясы мен әдістемелік негізін үйренуі, шет тілін үйретудің мобильді оқытуының тәжірибесі және оқып жатқан студенттердің жеткен жетістіктері қарастырылады.

22-27 тамыз аралығында семинар жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы шет тілдері пәнінің оқытушылары және қазақстандық басқа да жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық сарапшылар мен лекторлар қатысады. Қатысушылар арасында «So To Speak AB» халықаралық компаниясының директоры, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің авторы, көп тілді меңгерген, аудиокурстардың және шет тілін оқытудың авторы, еңбегі интернет желісінде компакт-дискілермен таратылған маман Карл-Сверре Хофсо баяндама оқиды.

Сонымен бірге семинарға электронды оқытуды дамыту ҚБҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, мультиплатформалар құрастырушысы, тіл курстарын ұялы телефондармен оқытумен қамтамасыз еткен Фуад Джаззар да қатысады.

Хофсо әдісі - жалпы дәстүрлі сипатты қажет етпей-ақ шет тілін тез әрі тиімді оқыту түрі. Оқыту барлық сөйлемді тілдік дыбыстапесте сақтаумен үйретіледі.

«So To Speak» - Халықаралық компаниясы (Швеция), шет тілін (ағылшын, француз, норвег, швед, поляк, орыс, украин, қазақ және т.б. тілдер) үйретуде ұялы үлестірмелі материалдарға ие.