Қазақстанның Ұлттық Банкі «ӘЛ-ФАРАБИ» ескерткіш алтын монетасын айналысқа шығарды

23.08.2011

Көрулер: 933

Қазақстанның Ұлттық Банкі «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік «ӘЛ-ФАРАБИ» ескерткіш алтын монетасын айналысқа шығарды, деп хабарлады банктің Баспасөз қызметі.

«ӘЛ-ФАРАБИ» монетасының бет жағындағы ортылық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы белгіленген. Монетаның сырт жағында ортылық бөлікте Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті орналасқан құны 1 теңгелік банкнотаның бет жағының фрагменті бейнеленген. Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7б78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, таралымы – 4 мың дана.