«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

25.08.2011

Көрулер: 724

Ел Конституциясы - бұл бiздiң басты құндылығымыз және саяси бағдарымыз - В.Сальников

АЛМАТЫ. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 1995 жылдың 30 тамызындағы ең негізгі Заңның қабылдануы ел тарихындағы ең маңызды оқиға болды. Бұл жөнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, география ғылымдарының докторы Виталий Сальников ҚазАқпарат тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.

Оның айтуынша, қазақстандықтар өз таңдауларын жасап, демократияның тарихи даму жолында екендігін растаған. «Конституция бiртұтас және халықаралық бiрлестiктiң бөлiнбейтiн бөлiгi, Қазақстан адам құқығы мен бостандығын жоғарғы құндылық деп жариялап, мәртебесiн нығайтып, әрбiр қазақстандықтың дамуға деген жағдайын жасап отыр. Ол көп ұлттық, заңға сүйенген, демократиялы мемлекетті қалыптастырды»,-дейді декан.

«Конституциямыз - бұл бiздiң басты саяси құндылығымыз және саяси бағдарымыз. Міне, осыдан бастап, өмiрдiң барлық салаларына жаңарту курстары мен қазақстандық қоғамның консолидациясы жүргiзiлуде. Қазақстан халығы, еңбек етуден еш шаршамай, айрандай ұйыған бірлік көрсетіп келеді. Бiз әлеуметтiк-экономикалық сұрақтарды белсене шешемiз, жұмыс орынын құрамыз, келешекке бiрге қадам басып келеміз»,-деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол Конституциямызға биыл 16 жыл толғалы отырғандығын, біздің бүгінгі жасап отырған еңбегіміз ертеңгі ұрпақ үшін, солардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқандығын жеткізді. «Нұрсұлтан Назарбаев жастарға әрдайым ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бүгінде білім алу мен шығармашылық мүмкiндiктердi дамыту барынша жүзеге асырылуда. Біз олардың таланттарына үміт артып отырмыз. Конституция күнi - бiз бiртұтас халық екенімізді сезінеміз»,-дейді В.Сальников.