ҚазҰУ жаңа оқу жылын дәстүрлі көшбасшылық дәрістер ашады.

31.08.2011

Көрулер: 960

2011ж. 1 қыркүйекте, сағат 10:00-де дәстүр бойынша барлық факультеттерде үлкен Дәріс залдарында көшбасшылық дәрістерді ғылыми және саясат саласының ең үздік өкілдері, қазақстандық және халықаралық бизнес-бірлестіктің басқарушылары оқиды. Олардың ішінде - Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы, ҚР Төтенше елшісі, шығыстану ғалымы, мәдениетші және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, Надиров Надир Кәрімұлы, ҚР ҰҒА Академигі, ҚР Ұлттық инжинерлік Академиясының бірінші вице-президенті, Сқақов Амангельды, «Казэкология» бас директоры, Жансугурова Лейла Бұлатқызы, «Жалпы генетика институтының» директоры, Абжанов Ханкельды Абжанұлы, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология Институтының директоры, Жандаулетов Валерий, ҚР Президент Аппаратының баспасөз-орталыгының басқарушысы, Нұртөре Жүсіп, «Айкын» газетінің бас редакторы, Калменов Тынысбек Шарипұлы, «Физико-математикалық орталығының» Бас директоры, Мұқашев Болат Нигматұлы, Академик, физ.- тех. ғ. докторы, Булекбаев Сагадат Байузақұлы, профессор, философия ғылымдарының докторы.

Сонымен қатар, магистранттар және PhD докторлар алдында Актілік дәріспен ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов сөз сөйлейді. Дәріс 1 және 2 қыркүйекте, 17:00-де, химия және химиялық технология факультетінің Малахитті залында өтеді.

«Көшбасшылық» және «University Life» бағдарламасын өткен бірінші курс студенттері KPMG компания аға кеңесшісінің дәрісіне шақырылады, Ғылыми кеңестің отырыс залы (Ректорат, 15 қабат), сағат 11:45.

Мансап және бизнес орталығы