ҚазҰУ жаңа оқу жылын дәстүрлі көшбасшылық дәрістермен ашады

31.08.2011

Көрулер: 727

2011 жыл 1 қыркүйек сағат 10:00-де дәстүр бойынша барлық факультеттердің үлкен Дәріс залдарында ғылым және саясат саласының ең үздік өкілдері, қазақстандық және халықаралық бизнес-бірлестіктің басқарушылары көшбасшылық дәрістер оқиды.

Олардың арасында - ҚР Төтенше елшісі Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы, шығыстанушы ғалым, мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚР ҰҒА Академигі, ҚР Ұлттық инжинерлік Академиясының бірінші вице-президенті Нәдіров Нәдір Кәрімұлы, «Казэкология» бас директоры Сқақов Амангелді, «Жалпы генетика институтының» директоры Жансүгірова Лейла Бұлатқызы, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология Институтының директоры Әбжанов Ханкелді Әбжанұлы, ҚР Президент Аппараты баспасөз-орталыгының басқарушысы Валерий Жандаулетов, «Айкын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Физико-математикалық орталығының» Бас директоры Калменов Тынысбек Шарипұлы физ.-тех.ғ.докторы, академик Мұқашев Болат Нигматұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Бөлекбаев Сағадат Байұзақұлы.

Сонымен қатар, магистранттар және PhD докторлар алдында Актілік дәріспен ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов сөз сөйлейді. Дәріс 1 және 2 қыркүйекте сағат 17:00-де, химия және химиялық технология факультетінің Малахитті залында өтеді.

«Көшбасшылық» және «University Life» бағдарламасын өткен бірінші курс студенттері Ғылыми кеңестің отырыс залында (Ректорат, 15 қабат), сағат 11:45-те өтетін KPMG компаниясының аға кеңесшісі Жанат Бердалинаның дәрісіне шақырылады,

Мансап және бизнес орталығы